Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға өткен түні Риддер кен-байыту кешенінде болған. Түнгі ауысым жұмысшылары шахтаға түскен кезде бетон қақпа тіреулерінен ажырап опырылып құлаған.
«Салдарынан клет люгі жарылып, ішке түскен бетон сынықтары үш жолаушыны мерт қылды. 1989 жылы туған жұмысшы сол жерде жан тапсырған. Қалған екеуі ауруханада жатыр», — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, апат кеніш жұмысына кедергі келтірген жоқ.