Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жаңа мешіт салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жаңа мешіт салынады

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жаңа мешіт салынады

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы Большая Владимировка ауылында болашақ мешіттің алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Желтоқсан 2003
  • 618
Фото - Caravan.kz

Мешіт құрылысын әлеуметтік жаңғыртулар жөніндегі Кувейт қоры мен Ғабиден Рахметов атындағы қор қаржыландырғалы отыр. Жобаның құны шамамен 45-50 мың долларды құрайды деп межеленген. Қыс бойы құрылыс материалдары дайындалып, мешіт құрылысын салу жұмысы 2004-жылғы көктемде қолға алынады.

Әлеуметтік жаңғыртулар жөніндегі Кувейт қорының өкілі Наджим Хасанның айтуынша, қазір жаңа мешіт ғимаратының сурет нұсқалары жасалуда. «Жаңа мешіт шетелдік мешіттердің үлгісінде салынады»,- деді ол.
Мешіттің алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысқан ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ержан Рахметовтың айтуынша, бұған дейін 50 адамға есептелген ескі ғимаратта аллаға құлшылық жасап келген Бесқарағай ауданының тұрғындары үшін жаңа мешіт көптен күткен қуанышты жағдай болмақ. Жаңа мешіт 150 адамға есептелген.

Соңғы жаңалықтар