Жарияланды: 500

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елдімекендерінде 2009 жылы жер асты суларының қорын анықтау мақсатында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

Өскемен. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының бірнеше елдімекендерінде 2009 жылы жер асты суларының қорын анықтау мақсатында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Индустрия және сауда министрлігіне 2009 жылы бірінші кезекте жер асты суларының қорын анықтаудан мұқтаж 500-ден астам елдімекеннің 44-інде іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу жөнінде өтініш жолданды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін