Мешітке келген жастарда сақал мен тоқалдан басқа проблема жоқ - имам - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мешітке келген жастарда сақал мен тоқалдан басқа проблема жоқ - имам

Мешітке келген жастарда сақал мен тоқалдан басқа проблема жоқ - имам

Желідегі жұрт "хит имам" атанған Нұрлан Байжігітұлына инстаграм мен тиктокта жиі сауал жолдап, кеңес сұрайды.

  • 15 Мамыр
  • 11
Фото: ашық дереккөз

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы мереке күндері еліміздегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаздармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Шындықтан қаша алмайсың тобы жазды.

Ол еліміздің тыныштығын күзетуде әскерилердің ерекше рөлін атап өтті. Сонымен қатар көпшілікті қызықтырған сауалдарға жауап берді.

«Қазір мешітке барған жастарда екі мәселе бар. Біреуі сақалды қалай өсіремін деп уайымдайды, екіншісі тоқал алумен басын қатырады. Сақал мен тоқалдан басқа проблема жоқ секілді», — дейді Нұрлан имам.

Желіде пікір жазғандар осыған қатысты да өз ойларын айтқан.

«Сақал өсіремін деп гормон ішкен інімнің үстін жүн басты», «Бұл кісі көбін бұрмалап айтады», Нұрлан имам неге коррупция жәйлі айтпайсың?», «Нұрлан имам таза ислам дінін ұстанады», «Осылай сарбаздарға дұрыс айтқаны жақсы», «Өте тамаша айтты», — деген пікірлер бар.

Желідегі жұрт «хит имам» атанған Нұрлан Байжігітұлына инстаграм мен тиктокта жиі сауал жолдап, кеңес сұрайды. Бұған дейінгі тікелей эфирлердің бірінде: «Мәһрге 150 мың теңгелік алқа керек деп едім. Өзгертуге бола ма, арзандатып 100 мың теңгенің көлемінде алса деп едім. Ауырлық салғым келмей отыр» деп оқырмандардың арасынан бір келіншек Нұрлан имамға сұрақ қойған.

«Ауырлық салғың келмесе содан бас тарта салсаңшы, тіпті күшті болады. Кешірдім деп айта салшы. Сен де сауап аласың, күйеуің де мәз болады. Ортаңда махаббат күшейеді. «Рақмет саған» дейді, бәрі риза болады. Кешіре салсаңшы, жаның ашып отыр ғой. Бөтен біреу емес, сенің күйеуің, мемлекеттік актісі бар. Кештім де, рахат болады», – деп әзіл-шыны аралас жауап берген еді Нұрлан имам.