Шығыс Қазақстанда көктайғақ салдарынан 2 автобус жолдан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда көктайғақ салдарынан 2 автобус жолдан шығып кетті

Шығыс Қазақстанда көктайғақ салдарынан 2 автобус жолдан шығып кетті

Өткен түндері Алматы-Өскемен тасжолының 247-шақырымында 2 жолаушылар автобусы жолдан шығып кеткен.

  • 14 Қараша 2016
  • 766
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы 24.кз хабарлады.. 

Бірінші көлік сенбі күні түн ортасында Аягөз қаласынан 52 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Мұнда 18 жолаушы мен 2 жүргізуші болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына «Жарма» медициналық құтқару бекетінен бір техника және 4 адам жеткен. Жолаушылар басқа көліктерге мініп кетіпті. Ал бүгін таңғы 05:00 шамасында осы тасжолдың Аягөз қаласынан 55 шақырым тұсында 40 адамы бар тағы бір автобус жол шетіне шығып кеткен. Адамдар аман-есен. Аудандық төтенше жағдайлар басқармасынан 3 адам мен бір техника оқиға орнына жетіп, құтқару жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр. Бірнеше күннен бері аймақта тынбай қар жауып, көктайғаққа айналғанын естеріңізге сала кетейік. Бүгін боранға байланысты Өскемен-Шемонайха, Өскемен-Серебрянск бағытындағы жолдар жабылған еді.

 

Соңғы жаңалықтар