Шығыс Қазақстанда қар барысы туралы фотоальбом жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда қар барысы туралы фотоальбом жарық көрді

Шығыс Қазақстанда қар барысы туралы фотоальбом жарық көрді

Өскемендік зоологтар Олег және Ирина Логиновтар негізін қалаған «SnowLeopardFund»қоғамдық қоры ағылшын тілінде қар барысы туралы фотоальбом басып шығарды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 738
Фото - Caravan.kz

«Альбом БҰҰ ДБ/ЖЭҚ қаржылық қолдауымен жарық көрді. Көлемі – 136 бет, таралымы – 250 дана, кітапта 200-ден аса сурет бар», — деп мәлім етті агенттікке автор Олег Логинов.

Басылым бірінші кезекте, Шығыс Қазақстанның табиғатына қызығушылық танытқан туристерге арналған. Оның мазмұнына халықаралық және республикалық Қызыл кітапқа енгізілген ең сирек және аз зерттелген жануар — қар барысының саны, биологиясы, мекен ету ареалдары мен қылықтары туралы ақпарат енгізілді. Кітап қазақстандық Ренат Мінебаевтың, ресейлік Рафаэль Кетцянның жабайы табиғатта жасаған қар барысының бірегей фотосуреттерімен, альбом авторлары мен ресейлік суретшілер Виктора Бахтин мен Виктор Павлушиннің суреттерімен безендірілген.

«Өткен ғасырдың ортасында Орталық Азияда тұран жолбарысы мен азиялық қабыланның көзін құртып жіберді. Өкінішке орай, қар барысының тағдыры да осындай болуы мүмкін. Сирек жануарлар қатарына қосылғанымен, қар барыстарының саны азайып келеді, оның мекен ететін ареалының 90%-ына осы уақытқа дейін айрықша қорғалатын аумақтар мәртебесі берілмеген. Қар барысын сақтап қалу проблемасына назар аударғымыз келеді», — деп атап көрсетті О. Логинов.

Бұған дейін 2009 жылы Олег пен Ирина Логиновтар «Қар барысы. Аспан тауларының нышаны» деген кітап басып шығарды. Қар барысы туралы ақпараттың жетіспеушілігі, қар мысығының проблемасына мемлекеттің назарын аудару ниеті осындай кітап жазуға себеп болған.

Соңғы жаңалықтар