Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылды

Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылды

Күн райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолы жабылды

  • 24 Желтоқсан 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz

 Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Caravan.kz  порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"24 желтоқсанда күн райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды", — делінген хабарламада.

Бұған дейін "Семей-Курчатов" тасжолының 4-130 шақырымы және "Семей-Қарауыл" тасжолының 4-182 шақырымы көліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын.