Шымбұлақ пен Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымбұлақ пен Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылды

Шымбұлақ пен Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылды

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды.

  • 4 Қаңтар 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қар көшкіні қаупіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын жолдар жабылып, бекеттер қойылды.
«Медеу» өткізу пунктінде, Алмарасан шатқалында және «Шымбұлақ» ТШК үгіт-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды, онда келушілерге билеттерді сату кезінде «қар көшкіні кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбында жадынамалары тапсырылуда»,- деп хабарлады департаменттен.
4 қаңтар күні қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін.
Құтқарушылар тұрғындарды қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырады.
Жалпы, Алматы өңірі бойынша 165 көшкін қаупі бар учаскелер бар, олардың ішінде қала тұрғындары мен туристері үшін ең үлкен қауіп «Медеу», «Шымбұлақ» ТШК және Үлкен Алматы көлі ауданында орналасқан 18 көшкін қаупі бар учаске бар.

Соңғы жаңалықтар