Шымкент әскери бөлімшесінен қашып кеткен әскер іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент әскери бөлімшесінен қашып кеткен әскер іздестірілуде

Шымкент әскери бөлімшесінен қашып кеткен әскер іздестірілуде

Шымкенттегі 6506 әскери бөлімшесінің басшылығы мерзімді әскери борышын өтеуші Самат Мұсаевты қашқын ретінде іздестіруде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне осы бөлімшенің командирі Руслан Жақсылықов хабарлады.

  • 18 Қараша 2003
  • 545
Фото - Caravan.kz

Сержант С.Мұсаев 2003-жылдың 12-мамырында Қызылорда облысы Қазалы әскери комиссариатында әскер қатарына алынған. 12-қазанда қалаға рұқсат алып шыққан ол әскери бөлімшеге қайтадан оралған жоқ. Полковник Р.Жақсылықовтың хабарлауынша, С.Мұсаев әскерге шақырылғанға дейін Алматы және Қызылорда облыстарында базарда істепті. Сол жерлерге жүргізілген кең көлемді іздеу шаралары әзірге нәтиже берген жоқ. Р.Жақсылықов сержанттың жоғалуына бөлімшедегі әлімжеттік шаралары себеп болуы мүмкін деген пайымды жоққа шығарады.

Әскерилердің айтуынша, сержантты кешікпей әскерден қайтуға дайындалып жүрген әскерлер әртүрлі сыйлықтар мен ескерткіш заттар сатып әкелуге үлкен көлемді ақша жинап беріп қалаға жіберген.
Әскери прокуратура әскерден қашу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар