Шымкент басшылығы жергілікті хайуанаттар бағына арнап 42 млн. теңге бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент басшылығы жергілікті хайуанаттар бағына арнап  42 млн. теңге бөлді

Шымкент басшылығы жергілікті хайуанаттар бағына арнап 42 млн. теңге бөлді

Шымкент. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент мәслихаты жергілікті хайуанаттар бағына арнап 42 млн. теңге бөлді. Бұл туралы хайуанаттар бағы директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары Бақыт Жанайбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Мамыр 2008
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Мәслихат бізге 42 млн. теңге бөлді, бұл қаржы салық бойынша берешекті өтеуге жұмсалады. Берешектің ішінде айрықша қорғаудағы табиғи аймақты пайдаланғанымыз үшін бірнеше жылға салықтан қарыздармыз», — деді Б. Жанайбеков.

«Қалған ақшаны біз баққа арнап шөп, жем, ет, жеміс пен көкөніс сатып алуға жұмсаймыз. Бұл жеткілікті қаржы», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті