Шымкент: Бір бала қайтыс болды, тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент: Бір бала қайтыс болды, тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Шымкент: Бір бала қайтыс болды, тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Клиникалық өлім жағдайында жеткізілген ең кішкентай бала қайтыс болды. Тағы екі бала интенсивті терапия бөліміне улану

  • 14 Ақпан 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Клиникалық өлім жағдайында жеткізілген ең кішкентай бала қайтыс болды. Тағы екі бала интенсивті терапия бөліміне улану дәрежесі анықталмаған жатқызылған.

"Науқастардың ересектеріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олар үйіне қайтты. Бұл науқастар туралы мәліметтер тұрғылықты жері бойынша емханаға жіберілді," — деді гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова.

Жайсыз оқиға отбасы "Солтүстік" ықшамауданындағы туыстарына қонаққа келгенде болған. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ анализаторын пайдаланып, оқиға болған пәтерді тексерді. тексеру нәтижесінде көмірқышқыл газы анықталмаған. Талдау үшін тамақ сынамалары алынды.

Улану себебі төменгі қабатта орналасқан пәтерлерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуінен болуы мүмкін. Бірақ әзірге нақты қорытынды шығаруға әлі ерте, — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар