Шымкент мектептерінде ақылды турникеттер орнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент мектептерінде ақылды турникеттер орнатылады

Шымкент мектептерінде ақылды турникеттер орнатылады

Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілген.

  • 14 Мамыр 2021
  • 114
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Одан бөлек қауіпсіздік талаптары ескеріліп, ішкі істер органдарының жедел басқару бөлімшелерімен интеграцияланған бейнебақылау камераларын қосымша орнату жұмыстары жүргізілуде.

Көпфункционалды, жоғары мегапиксельді жүйе ауқымды сервермен қамтамассыз етілген.

Сонымен қатар жаңа оқу жылында мектеп фойелерін бақылау үшін оқушылардың, ата-аналардың өзге де келушілердің бет-әлпетін арнайы есепке алатын турникеттер орналастырылады. Өз кезегінде ата-ана баласының мектеп аумағынан келуі мен кетуін смс хабарлама арқылы бақылай алады. Автоматты скандау кемінде 5 мың адамның түрі мен саусақ ізін айқындайды. Мәліметтер базада 2 жыл бойы сақталады, — деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда барлық мектептерде жұмыс уақытында вахтерлар ал, түнгі мезгілге күзетші жұмыс істеуде. Одан бөлек, жергілікті білім беру ұйымдарына полиция департаменті тарапынан мектеп инспекторлары бекітілген.


Соңғы жаңалықтар