«Нұрсәт» шағын ауданындағы аллеяда демалып отырған жұрт та тегін ғаламторды пайдалана алады. «Бұл мақсатқа Шымкентте 3 млн. теңге бөлінді. Тегін ғаламтор таңғы сағат 9-дан 23 дейін істейді. Ғаламтор жылдамдығы 8 МБ. Бұл әлеуметтік желілерді пайдалануға, сайттарды қарауға, ән тыңдауға, видео көріп, тіпті оны жүктеп алуға да жеткілікті», — деді «Шымкент жастары» МКК директоры Абзалбек Үбелтаев.
Шымкент саябақтарында ғаламтор алғаш рет 2014 жылы қалалық әкімдіктің бастамасымен пайда болған. Сол кезде, шенеуніктердің есептеуінше, ғаламтормен 2500-2800 адам пайдаланған.
Өткен жылы пайдаланушылар үшін желі лимиті шексіз болған. Биыл бір адамға күніне 20 МБ қарастырылған. Тағы бір жаңашылдық — бастаманы көтергендер енді кез келген уақытта қай саябақта қанша адам wi-fi-ды пайдаланып жатқанын біле алады.