Шымкент тұрғындарын алып кесіртке шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғындарын алып кесіртке шошытты

Шымкент тұрғындарын алып кесіртке шошытты

Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен ұзындығы бір метрден асатын келес табылды. Тағы табиғатта ғана кездесетін алып кесіртке аяқасты жұрттың зәре құтын қашырған.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 2144
Фото - Caravan.kz

Үй иесі тездетіп құтқарушыларды шақыртыпты. Алып кесірткені қолмен ұстауға жүрексінген мамандар оны арнайы қондырғымен қолға түсірді. Алайда ауладағы отынның арасына тығылған келесті жарты сағат бойы ұстай алмай әбден әуреге түсті. Қазір кесіртке Шымкенттің зообағына табыс етілді. Мамандар мұндай алып келес оңтүстікте өмір сүргенімен, қалаға жақындамайтын еді деп таңданып отыр.

Әсем Бұхарбаева, зообақ қызметкері:

-Бұл Қазақстанның оңтүстік шөлейт жерлерінде көп мекендейді. Бұл өте қауіпті аң болып есептелінеді. Бұлар құйрықтарымен шабуыл жасайды адамдарға.