Шымкент тұрғыны өзбекстандық бүлдіршінді құлдықта ұстаған
![]() |
Өзбекстандық 10 жасар бүлдіршінді Шымкентте жасөспірімдердің түнгі мезгілде бейсауат жүруін бақылау мақсатында ұйымдастырылған кезекті рейд кезінде прокурорлар мен тәртіп сақшылары анықтаған, деп хабарлады 24.kz. |
«Достық» мөлтек ауданындағы жеке үйлердің бірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі әйел өзін «жасөспірімнің әпкесімін» деп таныстырған.
Өздігінен жүріп-тұра алмайтын баласы бар келіншек жасөспірімді бес айдан бері ешқайда шығармай ұстап отырған және үйінің бар шаруасын соның мойнына асып қойған көрінеді.
«Оны көршілері де растап отыр», - дейді Қаратау аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрлан Қайназаров.
Құзырлы орган өкілдері баланы өзінің туған бауыры бес ай бойы құлдықта ұстаған болуы мүмкін деп отыр. Қазіргі таңда мәселенің анық-қанығы тексеріліп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін