Шымкент тұрғынынан танкіге қарсы граната мен қару-жарақтар тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғынынан танкіге қарсы граната мен қару-жарақтар тәркіленді

Шымкент тұрғынынан танкіге қарсы граната мен қару-жарақтар тәркіленді

Полицейлер Шымкент тұрғынынан қару-жарақтар тәркіледі. 

  • 20 Мамыр 2015
  • 597
Фото - Caravan.kz


22 жастағы жігіт осынша қаруды сарайында ұстап келген. Іздестіру барысында одан 16-шы калибрлі 2 шолақ мылтық, 16-шы калибрлі аңшылық қаруы, РПГ-22 гранатометі, 5 патрон, марихуанаға ұқсайтын есірткі зат салынған екі орама табылды деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.
«Сот-криминалдық сараптама тәркіленген қарулардың пайдалануға жарамды екенін анықтады. Есірткілік зат салмағы 15 г марихуана болып шықты. РПГ-22 гранатометі сараптамаға жіберілді», — деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен 5 адам ұсталды. Олардың ішінде Шымкент және Қызылорда облысының тұрғындары бар. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұзақылығы үшін бұдан бұрын қылмыстық жазаға тартылған үй иесі қазір тұтқындалды. Тергеу жүргізілуде. Қаскүнемдер 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.