Шымкент - Үрімжі ұшақ рейсі уақытша тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент - Үрімжі ұшақ рейсі уақытша тоқтатылды

Шымкент - Үрімжі ұшақ рейсі уақытша тоқтатылды

Шымкент. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытай үкіметі елден шығатын дербес визаларын беруді тоқтатқанына байланысты Шымкент - Үрімжі ұшақ рейсі жаздың аяғына дейін ұшырылмайды. Бұл туралы агенттік тілшісіне SCAT ұшақ компаниясының төрағасы Николай Буряков хабарлады.

  • 28 Мамыр 2008
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Қытай үкіметі Олимпиада ойындарына дайындық жасауға байланысты елден шығу дербес визаларын беруді тоқтатты. Визалар тек топтарға беріледі, сондықтан Шымкент — Үрімжі ұшақ рейсі тамыз айына дейін тоқтатылды «, -деп хабарлады Н. Буряков.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, биылғы жылдың сәуір айының басында Шымкенттен Үрімжіге бірінші рет ұшатын рейстің тұсаукесер салтанаты өтіп , Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына бірінші рет Қытайға тікелей жетуге мүмкіндік берілді. ЯК-42 ұшағы аптасына бір рет ұшады. Рейстің негізгі жолаушылары кәсіпкерлер, бірлескен кәсіпорындар қызметкерлері болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті