Шымкентке қыдырып келген қонақ сауда орталығынан секіріп өлді
Сауда орталығындағы суицид! Шымкенттегі ең ірі сауда орындарының бірінде жігіт ағасы үшінші қабаттан секіріп өлді. |
Оқиға кешкі уақытта көптің көзінше болған. Сауда орталығы жабылып жатқан кезде үшінші қабатта жүрген 42 жастағы азамат төменге қарай секіріп кетіпті. Мұз айдынына құлаған ол ауруханада көз жұмды. Бір анығы марқұм Атырау өңірінің тумасы екен. Полицейлер мұның өз-өзіне қол жұмсау әрекеті екенін растап отыр. Қазір жігіт ағасының мұндай қадамға не үшін барғаны тексерілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін