Шымкентте 13 жастағы жасөспірім бала зорлады деп күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 13 жастағы жасөспірім бала зорлады деп күдікке ілінді

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім бала зорлады деп күдікке ілінді

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім 6 жасар балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасады деп күдікке алынған.

  • 8 Маусым 2018
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 

Оқиға қала іргесіндегі Бозарық елді мекеніндегі құрылыс алаңдарының бірінде орын болған. Ал зардап шегуші баланың ата-анасы полицияға 4 маусым күні арыз түсірген. Қазіргі таңда бұл деректі облыстық Ішкі істер департаменті растап отыр. Осы іске қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының қарауында.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

— Күдікті азамат анықталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша Қаратау аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексі сексуалдық сипаттағы жасаған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірнеше сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Арсен Акиев: Мереке күнделікті жем-суымды беріп жүр

Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысына қатысты

"Бірнешеуімен болған екен". Сүйген қызына алданған жігіт көпшіліктен ақыл-кеңес сұрады
 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар