Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+33 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Шымкентте үш жасар бала 4-қабаттан құлап кетті.

  • 9 Қазан 2023
  • 2358
Фото - Caravan.kz

Оқиға Сайрам шағын ауданында болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  ҚазАқпарат — қа сілтеме жасап. 

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бүлдіршін 4-ші қабаттан құлап түскен.

Қазір ол Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Оған мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты диагнозы қойылып отыр.

«Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен. Осы уақытта анасы басқа бөлмеде болған. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар» — делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауының 7 фактісі тіркелді. Үш бүлдіршін қайтыс болса, төртеуі жарақат алған. 

Бәрінде сәбилер ата-анасының қарауынсыз қалған.