— Жарты сағаттай отырып арақ іштік. Сосын былай, тіке бардық та менің жататын квартирам бар деп үңгірдің ішіне алып барды.
Бір шөлмекті теңдей бөліп ішкен екеуі сәлден соң бой жазбақ болып Қошқар ата өзенінің бойындағы қолдан жасалған қосқа келіп кірген. Осы кезде масайып қалған еркек жасы келіп қалғанына қарамастан, бөтелкелесіне қол жүгіртеді. Бұған ашуланған әйел жерде жатқан таспен оның басынан бірнеше мәрте ұрып сілейтіп салыпты. Кейін қылмысын да бірден мойнындады. Маскүнем келіншек бұған дейін де бірнеше рет түрмеге түскен екен.