Шымкентте 4 жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 4 жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойған

Шымкентте 4 жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойған

Шымкентте 4 жасар баланың қолы ет тартқышта қалып қойған.

  • 25 Шiлде 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Құтқару қызметінің «112» нөмеріне 22 шілдеде сағат 19.02-де «Тұран»  шағынауданында орналасқан Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен,деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

 Жедел-құтқару жасақтың құрамында 4 адам бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетті. 4 жасар ер баланың  қолын ет турағыш құралы шайнап қалғаны, соның салдарынан қолын шығара алмай жатқанын анықтаған.

Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болғандықтан құтқарушылар оны оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырды.


Соңғы жаңалықтар