Шымкентте 5 жасар қыз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 5 жасар қыз жоғалып кетті

Шымкентте 5 жасар қыз жоғалып кетті

Полицейлер жақын күндерде дайындық сабақтарынан кейін үйіне оралмаған қызды іздегеніне бір тәулік болды.

  • 11 Қазан 2013
  • 610
Фото - Caravan.kz


Қыз бала № 87 мектептің даярлық сыныбында оқитыны белгілі. Сынып жетекшісі қыз баланы мектептен алып қайтуға келген 50 жастағы әйел адаммен жібергенін хабарлады. Қыз бала, оқытушының сөзіне қарағанда, әйел адамды таныған, оның қолынан ұстап бірге кеткен. Біраз уақыт өткеннен кейін баланы алып қайтуға анасы келген және туған әжелерінің ешқайсысы 5 жасар Нұрайды алып қайтпағаны анықталған.

Қазіргі уақытта полицейлер бүкіл ауданды іздеп шықты және күдікті әйелдің фотороботын құрастырды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.