Жарияланды: 750

Шымкентте 6506-әскери бөлімше қызметкерлері кісі өлтіргішті ұстап алды

Шымкентте 6506-әскери бөлімшенің қызметкерлері қаладағы күзет шаралары барысында кісі өлтіргішті ұстап алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне 6506-әскери бөлімшенің 8-ротасының командирі Манас Тауырқұлов хабарлады.

Кіші сержант Сергей Некрасов, қатардағы жауынгерлер Нұрболат Мұхамедқалиев пен Асқар Байназар тәрізді үш адамнан құралған жасақ Қазыбек би көшесінде күзетте тұрады. Қатардағы жауынгер Асқар Байназар күзет барысында қолдары мен киіміне қан жұққан 40-50 жастар шамасындағы бір еркекке назар аударады. Сөйтсе, әлгі адам арқасынан пышақпен жарақаттанған екен. Ол оқиға болған жер мен қылмыскердің есімін атайды. Жедел жәрдеммен қоса өздеріне көмекшілерді шақырған жасақ оқиға болған жерге жетеді. Олар пәтерден тағы бір жаралы адамды табады. Жарақаттанған жан жедел жәрдем машинасы келмей тұрып, қансырау салдарынан қаза табады. Жасақ мүшелері кісі өлтіргішті үйдің ауласынан тапты. Оны тұтқындауға полиция қызметкерлері көмек көрсетті. Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть