Шымкентте автокөлік ұрлаумен айналысқан ұры ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте автокөлік ұрлаумен айналысқан ұры ұсталды

Шымкентте автокөлік ұрлаумен айналысқан ұры ұсталды

Шымкентте 16 жастағы ұры қолға түсті.

  • 3 Шiлде 2014
  • 434
Фото - Caravan.kz

Кәнігі ұрыны ұстауға әл-Фараби аудандық ІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен келіп түскен арыз көмектесіпті. Арызданушының айтуынша, түнде белгісіз біреулер оны «Нексия» көлігінің есігін бұзып ашып, 15 мың теңге тұратын автомагнитоласын ұрлап кеткен көрінеді.

Дүйсенбі күні тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Жасөспірім тек көлік салонын тонаумен ғана шектеліп қалмаған.

«Полицейлер анықтағандай, маусым айының басында ол 27 жастағы жергілікті тұрғынның «Мерседес» көлігін ұрлап әкеткен. Жалпы құны 900 мың теңгеден асатын көлікті бастапқыда сатпақ болған ол кейін райынан қайтып, су қоймасының жанына тастап кетіпті. Көліктің аккумуляторын, автомагнитола және басқа да қосалқы бөлшектерін шешіп алған.

Қазір жасөспірімнің осындай оннан астам фактіге қатысы бары анықталды. Зардап шегушілерге келтірілген шығын 1 млн теңгеден асады.


Күдікті қамауға алынып, аталған факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды.