«Бізге ірі көлемде есірткі партиясы берілуге тиіс деген ақпарат келіп түсті. 1-сәуірде біз Шымкент тұрғынын құрықтадық, оның көлігінен әрқайсысына бір килограмнан героин салынған бес дорба табылды», — деді Н. Досыбаев.
Н. Досыбаевтың айтуынша, арнаулы бөлім қызметкерлері тек есірткіні алушыны қолға түсірді, ал героин партиясын сатушы қашып үлгерген. Қазір тергеушілер бұл партияның қайда жіберілуге тиіс болғанын анықтауда.
ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті