Шымкентте бір бала құтыру салдарынан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бір бала құтыру салдарынан қайтыс болды

Шымкентте бір бала құтыру салдарынан қайтыс болды

Шымкент. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында бір ұл бала құтыру салдарынан қайтыс болды, оның дертті қайдан жұқтырғаны белгісіз. Бұл туралы агенттікке санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Жұмағұл Медетов хабарлады.

  • 5 Қараша 2007
  • 718
Фото - Caravan.kz

«Ауру анамнезінде баланың ата-анасы, туыстары мен балалардың бәрі де оны ит қапқан жоқ деп отыр. Шын мәнінде құтыру белгілері болғанымен, ауру тарихында ондай дерек жоқ. Бұл мәселе даулы күйінде қалып отыр. Зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Ж. Медетов.

«Құтыру белгілері толық анықталды, ешбір күдік-күмән жоқ, — деді агенттікке облыстың бас рабиологы Үсен Дәуітов. -Ал баланың ата-анасының оны ит қапты ма, жоқ па дегенді айта алмауы алға тартылуға тиіс емес. Алты жасар баланы аңдып отыру мүмкін емес, оның үстіне ол маңай ну тоғай, ондай жерде бәрін де күтуге болады».

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қазанда Шардара қаласының орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне алты жасар бала түскен. Оған «құтыру» деген алдын-ала диагноз қойылды . 31 қазанда облыстық дәрігерлер консилиумы диагнозды растады. 2 қарашада бала қайтыс болды.

Ү. Дәуітовтың хабарлауынша, бұл құтыруға қатысты облыстағы бесінші кісі өлімі болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті