Шымкентте бір бойжеткен 20-дан астам кішкентай қыздарды тонаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бір бойжеткен 20-дан астам кішкентай қыздарды тонаған

Шымкентте бір бойжеткен 20-дан астам кішкентай қыздарды тонаған

Шымкенттің полиция қызметкерлері 20-дан астам кішкентай қыздарды тонады деген күдікпен 20 жастағы қызды ұстады,

  • 31 Мамыр 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер депратаментінің баспасөз қызметі.

Полицияға Шымкенттің Еңбекшіқазақ ауданында тұратын әйел адам келіп, арызданған. «Әйел үйінің дәл жанында жас бойжеткен оның 5 және 8 жастағы екі қызының құлағындағы алтын сырғаларын шешіп алғанын айтқан. Осындай арызбен ішкі істер бөліміне 20-дан астам азамат келіп, шағым білдірген», — дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Жедел іздестіру шараларының барысында полиция 20 жастағы қызды қолға түсіреді. «Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің жүргізген тергеуі барысында оның 20 ұрлық фактісіне қатысы бар екені анықталды», — деп хабарлады С.Қаракөзова. Ол негізіген 4-8 жас аралығындағы қыздарды тонамен айналысқан. «Ұрлықшы бір әдіспен іс-қимыл жасап отырған. Үйлердің ауласында жүрген кішкентай қыздардың жанына келіп, олардың алтын сырғаларын шешіп алып отырған», — деп толықтырды баспасөз хатшысы.

Күдікті бойжеткен бұрын алаяқтық жасағаны үшін істі болған. Жақында ғана бостандыққа шыққан. Соған қарамастан бірден жаңа қылмысқа барған. ҚР Қылмыстық кодекстің 178-ші — «ұрлық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар