Шымкентте ер адамның 11 жасар баланы зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ер адамның 11 жасар баланы зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалды

Шымкентте ер адамның 11 жасар баланы зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалды

Шымкентте үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралып жатыр. Бұл оқиға Шымкентте 1 шілдеде болған деп хабарлайды қалалық ІІБ өкілдері. 

  • 2 Шiлде 2018
  • 1104
Фото - Caravan.kz

Видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруе болады. Ар-ұят құндылықтарына байланысты аталған видеоны жарияламауға шештік.

Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті ұсталды. Ол — Шымкенттің 1985 жылғы тұрғыны. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен.  1


1 жастағы баланы дәрігерлер қараған. Қазіргі уақытта ол ата-анасымен үйінде. Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмайды. 

Соңғы жаңалықтар