Шымкентте іздеуде жүрген көпбалалы ана өз-өзіне қол салмақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте іздеуде жүрген көпбалалы ана өз-өзіне қол салмақ болды

Шымкентте іздеуде жүрген көпбалалы ана өз-өзіне қол салмақ болды

Шымкентте полицейлер суицидтің алдын алды.

  • 14 Маусым 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 109 нөміріне тұрғын үйдің тоғызыншы қабатында, шатырда бір әйел тұрғаны туралы хабарлама түскен. Өз-өзіне қол жұмсауға бел буған әйел іздеуде жүргені анықталды.

Тәртіп сақшылары әйелді ұстап алып, шатырдың шетінен қауіпсіз аумаққа шығарған. Өз өмірін қиюға бел буған ол есінен танып, кейін айқайлап, полицияға қарсылық көрсете бастады.

Әйел күйеуімен жанжалдасып, шарасыз қадамға баруға бел буғаны белгілі болды. Бірнеше күн бұрын көпбалалы ана үйден шығып кеткен. Туыстары іздеу салған, бірақ таппаған. Отағасы полиция бөлімшесінде болған оқиғаға түсініктеме берді.


Соңғы жаңалықтар