Жарияланды: 90

Шымкентте кәсіпкерді өлтірген киллер ұсталды

Шымкентте кәсіпкерді өлтірген киллер ұсталды

Шымкентте бизнесменнің өліміне оның әріптесі тапсырыс берген.

Бұл туралы қылмысты істеген күдікті ұсталған соң белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Қалалық ПД Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері 7 қыркүйекте жедел іздестіру шаралары кезінде кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген адамды ұстады.

Қылмыс 19 шілдеде кәсіпкердің үйінің маңында болған. Оны өлтірген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.  Сот күдіктіні қамауға алу жөнінде бұлтартпа шарасын қолданды. 

"Тергеу барысында қылмыс тапсырыспен жасалғаны белгілі болды, қайтыс болған адамның серіктесі ортақ фирманың бюджетінен ірі көлемде ақша жұмсап тастаған. Қылмысқа тапсырыс берген адам биыл 25 шілдеде ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады", - деді департаментте.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. 

Естеріңізге салсақ, қайтыс болған 55 жастағы кәсіпкер арнайы техниканы жалға берумен айналысқан. Оның Lexus көлігін коммуналдық қызметкерлердің киімін киген бір топ адам аңшылық қарумен атып кеткен. 

Желіде осы қылмыстың ықтимал видеосы жарияланған болатын. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін