Жарияланды: 490

Шымкентте "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздары тағы да табылды

Шымкенттегі "Короткий" атты ықшамауданда діни- экстремистік сипаттағы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздары тағы да табылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Ықшамаудан тұрғындары, аула сыпырғыштар мен үй комитеттері басшыларының айтуынша, соңғы бірнеше күн бойы ықшамауданда "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының қазақ тілінде жазылған үнқағаздары табылған. Олар үйлердің аулалары, кіреберістер мен пошта жәшіктерінен табылып отыр. Үнқағаздарда Өзбекстан президенті мен үкіметіне қарсы пікірлер айтылып, наразылық шаралына үндеу жарияланған . Үнқағаздардың нақты саны мен оларды таратушылар белгісіз болып отыр. Полиция мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметтері бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін