Шымкентте көгілдір отын ұрлау оқиғаларын әшкерелеуге қолұшын бергендерге сыйақы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көгілдір отын ұрлау оқиғаларын әшкерелеуге қолұшын бергендерге сыйақы тағайындалды

Шымкентте көгілдір отын ұрлау оқиғаларын әшкерелеуге қолұшын бергендерге сыйақы тағайындалды

Шымкентте "ҚазТрансГаз" компаниясының Оңтүстік -Қазақстан облыстық газ шаруашылығы басқармасының басшылығы көгілдір отын ұрлау оқиғаларын әшкерелеуге қолұшын бергендерге сыйақы тағайындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазТрансГаз" компаниясының ОҚО газ шаруашылығы басқармасының бас инженері Юрий Пак хабарлады.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 368
Фото - Caravan.kz

Ю.Пактың айтуынша, тұтынушылардың көгілдір отын ұрлауы салдарынан «ҚазТрансГаз» айына 60 млн. теңгенің шығынына ұшырап отыр. Тұтынған көгілдір отын төлемінен жалтарып қалу үшін тұрғындар түрлі айла-шарғыларға барады. Атап айтсақ, газ құбырына білермендікпен қосылу, есептегіш құралдармен түрлі махинациялар жасау т.т.

Газ құбырына өз бетімен қосылу немесе басқа да жолдармен көгілдір отын ұрлау туралы деректерді жеткізгені үшін ұрланған газ құнының 30 проценті көлемінде сыйақы төленбекші. Қазір бір текше метр көгілдір отын құны 11,385 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар