Шымкентте көлігімен адам қағып өлтірген полиция қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көлігімен адам қағып өлтірген полиция қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды

Шымкентте көлігімен адам қағып өлтірген полиция қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды

Шымкентте жолаушыны қағып өлтірген бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты сот басталды. Ол әдеттегідей сот ғимаратында емес, өзгелерге сабақ болуы үшін Ішкі істер министрлігіне қарайтын Күзет ғимаратында өтті. Көлігімен әйелді қағып өлтірген сержант осында жұмыс істеген екен.

  • 14 Маусым 2014
  • 453
Фото - Caravan.kz


Мәди Байтілеев, Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары:

-Жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жолдың жиегінде ортада күтіп тұрған жәбірленуші Нұриддинованы соғып, оқиға орнына тастап кеткен, көмектеспей.

Көмектеспей тастап кеткені былай тұрсын, машинаның нөмірі де басқа көліктікі екені анықталды. Ол жол апаты болғаннан кейін 10 күннен соң ғана ұсталған. Күзет қызметінде жұмыс істеген 34 жастағы азамат бұрын істі болыпты. Қылмыс жасаған жігіттің қалайша 7 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет еткені түсініксіз. Сотқа жол апатынан қаза тапқан 39 жастағы Ғалия Нұриддинованың 19 жастағы ұлы мен анасы келді. Марқұмның жақындары бұрынғы тәртіп сақшысының тиісті жазасын алғанын қалайды.