Шымкентте көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш бала қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш бала қаза тапты

Шымкентте көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш бала қаза тапты

АСТАНА. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Шымкентте көмірқышқыл газынан улану салдарынан үш бүлдіршін қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Наурыз 2007
  • 436
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 2-ші Зеленая балка көшесінің бойындағы бір жер үйде болған. 20-наурыз, сейсенбі күні 15 сағат 3 минутта бұл үйде 22 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шыққан. «Үш-бес жас аралығындағы үш қыз бала өрт салдарынан көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі 15 сағат 48 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті