Шымкентте көп қабатты 43 үй жылусыз отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көп қабатты 43 үй жылусыз отыр

Шымкентте көп қабатты 43 үй жылусыз отыр

Шымкентте қазіргі жағдаймен көп қабатты 43 үй жылусыз отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктен хабарлады.

  • 14 Қараша 2005
  • 402
Фото - Caravan.kz

Үйлерге жылу жіберілмеуіне бірнеше себеп бар. Атап айтсақ, әкімшіліктегілердің хабарлауынша, кейбір үйлерде жылу құбырындағы ақаулар жойылмаған болса, кейбір үйлерде үй ішіндегі жылу инфрақұрылымының түрлі тетіктері мен тораптары болмай шыққан. Қалалық әкімшіліктің коммуналдық бөлімінің маманы Сайлау Қансейітовтың хабарлауынша, тек кейінгі бірнеше күнде 15 үйдегі түрлі тетіктер ұрланған. Соның салдарынан тұрғындар бұл жабдықтарды өз қаржысы есебінен қалпына келтіруге мәжбүр.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық нысандар 3-қарашаға дейін жылуға қосылуға тиіс болатын. Алайда бұл дата 10-қарашаға шегерілді. 12-қарашаға дейін Шымкентте күн райы жылы болған, артынан жаңбыр басталып, соңы қарға ұласты. Қалада сынап бағанасы қазір 2 градус суықтықты көрсетіп тұр.
Әкімшілік өкілдері болса, мектептер мен ауруханалар сынды барлық бюджеттік мекемелер жылумен қамтамасыз етілді деп сендіреді.
Шымкентте орталықтандырылған жүйемен жылу алатын барлығы 1707 көп қабатты үй бар.