Шымкентте күйеуімен ажырасқан әйел бір қызын өлімші етіп ұрып, екіншісін жарымжан етті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте күйеуімен ажырасқан әйел бір қызын өлімші етіп ұрып, екіншісін жарымжан етті

Шымкентте күйеуімен ажырасқан әйел бір қызын өлімші етіп ұрып, екіншісін жарымжан етті

Шымкентте күйеуімен ажырасқан әйел екі жасар қызын өлгенше ұрып, екінші баласын жарымжан етті.

  • 27 Наурыз 2014
  • 495
Фото - Caravan.kz

ОҚО ІІД ақпарат және мемлекеттік тіл басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, әйел жауап алу барысында барлығын мойындады. «Екі жасар қыз ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмып, 4 жастағы екінші қызы өлмеші жағдайда ауруханаға жеткізілді, қазір жансақтау бөілімінде», — деді журналистерге.

Салтанат Қаракөзованың деректеріне сүйенсек, әйел ажырасып жатқан күйеуіне деген бар ренішін қыздарынан алмақшы болған.

Дәрігерлердің айтуынша, аман қалған 4 жасар қыз бала дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. 5 тәулік бойы ес-түссіз жатқан. Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгеушісі Тимур Бегмановтың айтуынша, «баланың басы ауыр зақымданған. Көптеген дене жарақаттары бар, бет терісі, маңдай тұсы, денесі, арқасы, аяқтары жырылып, терісі сыдырылған», — дейді ол.


Қыз бала есін жиған соң, сұрақтарға аздап жауап бере бастады, дейді дәрігерлер. Тек туыстары жайлы сөйлеспеуге тырысуда. Жансақтау бөлімінен шығарылғаннан кейін оған психолог маманы шақырылмақ.

Дәрігерлер, баланы бұрын да ұрғанға ұқсатып отыр, өйткені оның қанаған және көгерген тұстары жетерлік. ОҚО ІІД-де балалардың анасына ҚР ҚК 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдіктіге сот-психикалық сараптама тағайындалды. Бұл оның қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс болған-болмағанын анықтауға мүмкіндік береді.