Шымкентте локомотив пен жүк пойызы соқтығысты
![]() |
Шымкент түбінде локомотив пен жүк пойызы соқтығысты. Оқиға сағат 04.50 «Стандарт-цемент» АҚ темір жолында орын алды, деп хабарлады ОҚО ТЖД баспасөз қызметінен. |
Соқтығысу кезінде маневрлі тепловоз, 3 бос вагон мен 1 көмір тиелген вагон рельстен шығып кетті. Жапа шеккендер жоқ. «қатты шыққан дыбыстан қорқып, не істерімізді білмей қалдық. Далаға жүгіріп шығып, вагондардың рельстен шығып кеткенін көрдік», - деді жергілікті тұрғын Қанат Ақсейітов.
Алдын ала нұсқа бойынша пойыз өз екпінімен қозғалып кеткен.
Төтенше жағдай пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмегені аталып өтілді. ОҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібековтің айтуынша, ЖІІБ тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.





Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін