Шымкентте мүгедектер үйлерін қалай-болса солай жөндеп жатқандарға қарсы шу шығарды
Оңтүстік Қазақстанда мүгедектер тұратын көпқабатты үйді жаңарту ісінің жұрттың келісімінсіз жүргізілгені тұрғындардың ашуын туғызды. Былтыр үйдің шатыры аустырылып, жертөлесі жөнделген. Бірақ жаңбыр жауған сайын төбесінен әлі су ағады екен. Ал жөндеу жұмыстарынан кейінгі подъездердегі ашық-шашық қалған жарық беру қалқаншалары тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Соған қарамастан, шенеуніктер үйлерді жаңартауға кеткен миллиондарды |
–Жаңбыр жауған сайын осы міне тазиктер тұрады. Осы қара болғаны қара болған. Осылай тұрады, жаңбырда ылғи осы.
Үйді жаңартуға арналған бағдарлама леңгірлік мүгедектер үшін сор болып тұр. 45 жылдан бері тұрған баспананы өткен жылы жұмысшылар келіп, шатырын ауыстырып сырлап беріпті. Бірақ қазір төбеден су ағып, бүкіл үйді алып кететін болған.
–Жағдайым жоқ қайтадан жөндеу бастайтын. Әлі істегеніме 7-8 ай болған еді ремонт қылғаныма.
Леңгірдегі мүгедектерге арналған 3 көпқабатты үйде тұрып жатқан жүзден астам отбасының әрқайсысы енді осы жөндеу жұмыстарына ай сайын кемі 7 мың теңгеден төлеуге міндетті. Жалпы 40 миллионға бағаланған жұмысты тұрғындар 20 жылда төлеуі тиіс. Алайда өткен жылы үй жөндеуді бастағандар жұрттың қалтасынан бір тиын да шықпайды деп уәде берген екен. Енді келіп, құрылысшылар әр тұрғынның қолы бар құжатты көрсетіп жатыр.
Гүлзада Құрмәналиева, Леңгір қаласының тұрғыны:
-Менің қолым емес пожалуйста даже анализ алсын подписіммен. Мен өзім лично көрдім Омардың қағазынан менің қолым жоқ ол жерде. Әшейін қойып, бәрінің атынан қоя берген, поддельный подпись.
Төлемесе жәрдемақы мен зейнетақыдан да қағамыз деп қорқытатын жағдайға жетті дейді тұрғындар. Ал жөндеу жұмыстарын жасаған компания өкілі қағазда көрсетілген жұмысты түгел орындадық дейді. Шатырдан су кетіп жатқанын бір жылдан бері естісе де бүтіндеп беруге бүгін келіпті. Әйтеуір өз жұмысына өзінің көңілі тоқ.
Нұрлыбек Тұрлыбеков, мердігер компания өкілі:
-Егер жаңағы 10 деп бағалайтын болсақ бұл жер 6-7 баллға тартады.
Жұрт шулап, жұмысшылармен айғайласып қалған соң үйлерді көруге әкімдік өкілдері келді. Олар біресе бұл түйткілді бұрыннан білеміз десе, біресе бүгін естіп отырмыз деп әбден шатасты.
Руслан Рыспаев, Төлеби аудандық әкімдігінің бөлім басшысы:
-Жоқ енді ол құжаттарды көтеру керек. Нақты бұл кісілер егер менікі емес деп жатса оны дәлелдейміз. Енді ол сыртынан келіп, бас салып істей бермейтін шығар. Бір негізге сүйенеді ғой.
Ал сырттарынан жалған құжат жасап, сапасыз жұмыс үшін миллиондарды төлетпекші деген тұрғындар бір тиын да бермейтінін айтады. Алайда, әкімдік қалай болған күнде де кеткен шығынды тұрғындардың өзіне өтетпек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін