Шымкентте мыңдаған шаңырақ көгілдір отынсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте мыңдаған шаңырақ көгілдір отынсыз қалды

Шымкентте мыңдаған шаңырақ көгілдір отынсыз қалды

Шымкентте газ мәселесі әлі шешілмей тұр. Бүгін таңертең тіпті қаладағы 2 мыңға жуық шаңырақ мүлдем көгілдір отынсыз қалды.

  • 7 Ақпан 2014
  • 269
Фото - Caravan.kz

Қазір, тұрғындардың 20 пайызы газдың төмен қысымынан зардап шегіп отыр. Қысымды көтеру үшін қала басшылары оншақты ірі мекемеге газ беруді тоқтатып, тағы 20-ға жуық өнеркәсіпке көгілдір отын жіберуді азайтқан. Үнемделген отын енді тұрғындарды жылытуға жұмсалып жатыр екен. Шымкенттіктерге жылу жеткізетін жалғыз энергоорталыққа берілетін газдың ауқымы да үш есеге азайыпты. Оны өзге отынмен алмастыруда.


Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

-Бүгін осы оңтүстік өңірлерге тағы да қосымша 100 мың текше метр газ «қабылдаймыз» деп күтіп отырмыз. Оның жартысы яғни 50 мың текше метрі осы ОҚО-на арналады.