Шымкентте нан қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте нан қымбаттады

Шымкентте нан қымбаттады

Әлеуметтік нанның құны бір күннің ішінде 15 теңгеге дейін өсті. 3 ай бұрын оңтүстіктің әкімдігі оның бағасын көтермейміз деп мәлімдеген еді. Енді 35 теңге тұрған ас атасының құны бірден 50 теңге болды. Байыз таппаған бағаға тұрғындар да, сатушылар да қазір қарсылық білдіріп жатыр.

  • 7 Маусым 2014
  • 280
Фото - Caravan.kz


Мүбарак Қазақбаева, сатушы:

-Нанның бағасы көтеріледі деп айтқан еді. Біз кешке таяу айқай-шу көтергеннен кейін сәл қойды. Қайтадан, 35 теңгеден беріп жатыр. Біз 40-тан сатып жатырмыз.   Бірақ дүйсенбіден 50 теңгеге көтерілуі мүмкін.

Алайда облыстың атқамінерлері нан бағасының көтерілгенін қолдан жасалған айла деп түсіндіреді. Жергілікті наубайханалар ұн қымбаттауы мүмкін деген қауесет таратып дүрбелең кезінде дүкендерге нан бағасын қымбатқа сатып жіберіпті. Енді бұл бағаның бір-екі күнде тұрақтай қоюы екіталай. Үкімет қорынан оңтүстік өңірге айына 13 мың тонна бидай жіберіледі, сондықтан оның бағасын өсіруге еш себеп жоқ. Ал қолдан айғай-шу шығарғандарға шара қолданылады.