Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі сайтындағы хабарламаға қарағанда, шенеунік көмекшісі арқылы «Бекжан базары» ЖШС директорынан 3,6 млн теңге көлемінде пара алмақ болған. Ол параны жер телімі жөніндегі кассациялық шағымға қатысты оң шешім шығарып беруге көмектесу үшін сұраған көрінеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.