Шымкентте өмірден қажыған жігіт көпірден секіріп өлмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өмірден қажыған жігіт көпірден секіріп өлмек болды

Шымкентте өмірден қажыған жігіт көпірден секіріп өлмек болды

Шымкентте 30 жастағы жігіт теміржолдың көпірінен секіріп өлмек болды. Қу тірліктен қажыған азаматты құтқару үшін пойыз қозғалысын бір жарым сағатқа тоқтатуға тура келді.

  • 25 Маусым 2014
  • 196
Фото - Caravan.kz


Төтенше жағдайлар қызметі қозғалысты тоқтатып қана қоймай, темір жол бойындағы тоқтарды да электрден ажыратуға мәжбүр болған. Өзіне қол ұшын беруге тырысқан құтқарушылар мен психологтарға жігіт өмірден әбден шаршағанын және өлгісі келетінін айтыпты. Өзі едәуір масайып алған. Бірақ көпірдің үстінен секірмек болғанда оны полицейлер мен құтқарушылар қуып жүріп, ақыры ұстап алды. Енді суицидке бейім азаматты мұндай жаман әдеттен күштеп емдеуі мүмкін.