«Біз ҚР Білім және ғылым министрлігінің 600 млн теңге көлеміндегі грантын жеңіп алдық. 200 млн теңге көлеміндегі бірінші траншы аударылды, бұл қаржыға жаңа, заманауи зертханаға арнап жабдықтар сатып алдық», — деді М. Тілебаев.
Проректордың айтуынша, зертханаға арнап жаңа растрлы электрондық микроскоп, масс-спектрометр, сынамалар дайындайтын қондырғы мен сұйықтық анализаторы сатып алынды.
«Енді атомдық-молекулалық деңгейде зерттеулер жүргізуге болады. Бұл жабдықтың мүмкіндіктері біз бұрын жұмыс істеген жабдықтан ондаған, тіпті жүздеген есе артық. Онда түрлі нысандардың, мысалы, түрлі маталардың толық талдамасын жүргізуге болады, бұл біздің тоқыма өнеркәсібіміз үшін аса маңызды», — деді зертхананың бас маманы Геннадий Журавлев.
М. Тілебаевтың айтуынша, университет ғалымдары жаңа жабдықты пайдалана отырып, көміртекті наноқұбырлар мен наноталшықтар алу қондырғысын жасады. «Біз бүгінде нанотехнологиялардың әлемдік орталығына айналған АҚШ-тың Оклахомада қол жеткізілген көміртегі оксидін алу нәтижесін қайталамақшымыз», — деді проректор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті