Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Оқыс оқиға кеше орын алған. 

  • 12 Қаңтар
  • 297
Фото - Caravan.kz

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім дене шынықтыру сабағында көз жұмды, — деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Шымкент Білім басқармасы мәліметінше, 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған.

"Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы жедел жәрдемді шақырды. Алайда жедел медициналық жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, ол қайтыс болды. Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр", — деді Шымкент Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар