Шымкентте өткен бос орындар жәрмеңкесінде 400-ден астам адам жұмысқа орналасты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өткен бос орындар жәрмеңкесінде 400-ден астам адам жұмысқа орналасты

Шымкентте өткен бос орындар жәрмеңкесінде 400-ден астам адам жұмысқа орналасты

Шымкентте өткен бос орындар жәрмеңкесінде 400-ден астам тұрғын жұмыспен қамтылды.

  • 24 Сәуiр 2015
  • 285
Фото - Caravan.kz

456 шымкенттік жұмысқа тұруға жолдама алды. Олардың 285-і түрлі мекемелердің мамандары болып орналасса, қалғандары сынақ мерзімінен өтеді.

«Шымкентте медицина мамандары сұранысқа ие. Дәрігерлер мен фармацевтер. Мейірбикелер тапшы», — деді Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығы директорының м.а. Марат Әбілқайыров.

Жұмыспен қамту орталғында атап өткендей, қалаға техникалық мамандар, әсіресе инженер-бұрғылаушылар қажет. Айта кететін жайт, бос орындар жәрмеңкесінде жұмыспен қамтушылар 1300 жұмыс орнын ұсынды. Экономист пен заңгерлер  мүлде сұраныста болмады.