Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңгелік торт қазақстандықтарды таңдандырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңгелік торт қазақстандықтарды таңдандырды

Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңгелік торт қазақстандықтарды таңдандырды

Шымкентте өткен той үшін арнайы тапсырыспен жасалған құны 179 мың доллар тұратын торт қазақстандықтарды таңдандырды.

  • 14 Қаңтар 2018
  • 775
Фото - Caravan.kz

Ерекше торттың суреті мен видеосы желіде тарап кетті. тортты ресейлік танымал кондитер Ренат Агзамов дайындаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Кондитердің сөзінше, торттың диаметрі 3 метр, биіктігі 4,2 метрді құрайды екен. Ал ерекше торттың салмағы шамамен 1 500 килограммға жетеді. Мұндай тортты дайындау үшін кондитердің командасы 3 тәулік уақытын жұмсаған екен.

Ал музыкалық продюсер Жан Мұқанов Тelegram желісіндегі арнасында бұл торттың Шымкентте өткен той үшін арнайы әзірленгенін жазды.

«Кеше Шымкенттің Rixos қонақүйінде тамаша үйлену тойы өтті. Көптеген жұлдыздар болды. Олардың ішінде Валерия мен Шон да бар. Бірақ қазір қонақтарды жұлдыздармен таңдандыра алмайсың. Кештің басты хиті боксшы мен торт болды. Айтпашқы, тортты танымал кондитер Ренат Агзамов жасаған. Ал тойға келген боксшы – біздің аңызымыз Генадий Головкин. Жастарға шын жүректен бақыт тілеймін!» – деп жазды Жан Мұқанов.


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің Шымкентте өткен тойға арнайы қонақ болып келгені хабарланған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар