— Машина артқа істеген кезде алады да менің погонымды жұлады. Сами погоны оторвали, погонды түсіріп алыңыз, пихнули мне.
Бұл жол сақшысы Мақсұт Мамедовтің өзінің лейтенанттық погонын жұлған соң, жүргізушіге жала жауып, сұқбат берген кезі. Әріптесімен бірге мұндай сорақылыққа барған олардың өтірігі шығып қалып, екеуі де тексерілген болатын. Айта кетейік, сол кезде бұл іс тіпті Елбасының да назарына алынған еді. Бүгін, біреуге ор қазамын деп, өзі түскен жол сақшысына қатысты сот үкім шығарды. Ал оның серігі әлі іздеуде.
Мадияр Әбдірасылов, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы:
— Ол кісіге түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқынан 5 жыл мерзімге айрылады.