Шымкентте өзіне қол салған жасөспірім артында хат қалдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өзіне қол салған жасөспірім артында хат қалдырған

Шымкентте өзіне қол салған жасөспірім артында хат қалдырған

Күні кеше қаладағы «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында жасөспірім өз өзіне қол салып, көз жұмды.

  • 12 Ақпан 2018
  • 235
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Марқұм өзін өлімге қияр алдында хат қалдырыпты. Онда әлдекімдердің аты жөні жазылған. Бірақ хатты беруге бата алмаса керек. Әбден майдалап жыртқан. Оны анасы баласының қалтасынан тауып алыпты. 16 жастағы жасөспірім үйдің кенжесі болған. Қаладағы №83 мектепте оқыған.

Марқұм сабақты жақсы оқыған, ешқандай бөтен қылығы жоқ, тәртіпті болған. Баласының көңіл күйіндегі құбылмалықты анасы байқаған екен. Алайда оны алдағы ҰБТ сынағына байланысты қобалжу деп жорыған.

«Әдеттегідей үйге келген соң, тамақ дайындауымды өтінді. Ашулы, біреуге өкпелідей көрінді. Аулаға шығып кеткенде, шай дайындап жүргенмін. Шай іш деп шақыруға шыққанымда таппай қалдым. Моншаға кіргенімде асылып тұрғаны көрдім»,- дейді анасы.

Сол күні марқұм әпкесіне қоңырау шалып жоғары сынып оқушылары ақша сұрап маза бермей жатқанын айтып, 7 мың теңге сұрапты. Оған ата-анасы ұялы телефон сыйға тартқан екен. Алайда оны «жоғалтып алдым» депті.


№83 мектеп директоры баланың ешқандай оқиғаға килікпегенін, мектепте бәрі тыныш екенін айтқан. Марқұмның ата-анасы хатта жазылған адамдарды анықтауды сұранып отыр.

Соңғы жаңалықтар