Шымкентте өз-өзін өртеп жіберген кәсіпкердің видеосы желіде таралып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өз-өзін өртеп жіберген кәсіпкердің видеосы желіде таралып жатыр

Шымкентте өз-өзін өртеп жіберген кәсіпкердің видеосы желіде таралып жатыр

Өткен аптада шен-шекпенділерден әділдік таппадым деп өзін прокуратура алдында өртеп жіберген шымкенттік кәсіпкердің видеосы ғаламторда пайда болды. 46 жастағы Нұркен Айнабеков бұдан бір күн бұрын осындай қадамға баруға мәжбүрмін деп, баспасөз мәслихатын өткізген еді.  

  • 26 Желтоқсан 2016
  • 3033
Фото - Caravan.kz

КТК телеарнасының хабарлауынша, бұлай жасау туралы ұсынысты ашулы кәсіпкерге полиция қызметкерлерінің өздері айтыпты. "Абидинов айтады маған: «Нұреке, саған ешкім көмектеспейді. Сені қамаймыз. Ішек-қарныңды шығар да, ішегіңе асылып өл» деді. Абидинов деген  тергеу бастығы, полковник. Ал, тергеушілер  Жолымбекова мен  Сыдықов: «Өзіңе бензин құй да өрте» деп отыр. «Саған ешкім көмектеспейді. Әкімдік қызметкерлерін қамағанша сені құртқанымыз жақсы, сонда бәрі тынышталады, әкімдік біздің табыс көзіміз» деп ашығын айтты" деген болатын Н.Айнабеков.

Нұркен Айнабеков. КТК кадрыНұркен Айнабеков. КТК кадры

Бірнеше жыл бұрын әкімдік тапсырысы бойынша амбулатория салған кәсіпкердің құрылыс компаниясы жұмысты тапсырғанымен ақшасын ала алмай сан сипап қалған екен. Содан бері полиция, прокуратура мен мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлеріне талай шағым жазғанымен, мойын бұрған ешкім болмапты. Керісінше өзіне 4 бап бойынша іс қозғаған. Әділдік іздеп таппадым деп ашынған жігіт ағасы ақырғы осындай оқыс қадамға барып отыр. Денесінің 60 пайызын күйік шалған ол қазір ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ал оқыс оқиғаға қатысты «суицидке итермелеу» бабы бойынша іс қозғалды.  


Соңғы жаңалықтар